Алматы, «Ан Арыс» баспасы, 2009 ж. — 368 б., ISBN: 978-601-7130-44-2
Педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындагы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Педагогика ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, тілші-ғалым, есімі Республикаға танымал тәлімгер-ұстаз Фаузия Шәмсиқызы Оразбаеваның «Тіл әлемі» атты кітабына ғалымның әр жылдарда жазған іргелі зерттеулері ықшамдалып, сондай-ақ таңдаулы ғылыми мақалалары сұрыпталып енгізілді.
Кітап тілші ғалымдарға, мектеп ұстаздарына, жоғары оқу орнының студенттеріне және көпшілік қауымға арналады.