Зарегистрироваться
Восстановить пароль
FAQ по входу

Қайырбаева С.Р Іс қағаздары атты курсы

  • Добавлен пользователем
  • Отредактирован
Қайырбаева С.Р Іс қағаздары атты курсы
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының жүргізілуі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тіл саясатын іске асырудың негізгі төрт бағыты айқындалған. Соның бірі – ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең – кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды.
Осыған орай 10-шы бағдарлы сыныпқа таңдаулы курс ретінде аптасына бір ретІс қағаздары курсын енгіздік. Аталған курсты жүргізу жұмысына арнайы күнтізбелік жоспары құрылып, сол жоспарға сәйкес осы оқу құралы шығарылып отыр.
Бұл оқу құралында алдымен әр іс қағаздың түріне жүйелі түрде теориялық түсініктеме беріліп, оған қоса іс қағазын толтыру үлгісімен, оқушылардың білім деңгейін бақылауға арналған нәтиже сабақтар енгізілген.Бұл оқу құралының оқушыларға іс қағаздарын сауатты толтырумен қатар іс қағаздарын жүргізу жұмысын игеріп алуына, мұғалімнің сабақ жоспарлауына өте тиімді құрал екендігі анық.
Құрал мемлекетіміздің болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне өз септігін тигізетіні сөзсіз.
  • Чтобы скачать этот файл зарегистрируйтесь и/или войдите на сайт используя форму сверху.
  • Регистрация