Оқулық. — 11-басылым. — Алматы, 2016. — 542 б.
Авторлар кітаптың кезекті басылымын жоспарлау барысында оның мазмұнын жаңартып отыратыны маңызды. Толықтыру кезінде екі негізгі сұраққа ерекше көңіл аударылады: (1) Соңғы басылым мен жаңа басылым арасында генетика саласында қандай жетістіктер пайда болды; (2) Студенттердің оқу сапасын жоғарылату мақсатында жаңа басылымға қандай педагогикалық инновациялар енгізілуі керек? «Генетика негіздері» кітабының 11-ші басылымы жарыққа шығуына студенттердің аталған кітапты қырық жылдай қолдануы және генетика саласындағы соңғы жетістіктер мен жаңа көзқарастар ықпал етті. Жаңа басылымда мынадай негізгі мәселелерге көңіл бөлінді: (1) студенттер мен оқытушылардың тақырыпты бірге және белсенді түрде талқылау мүмкіндіктерін аудиторияда немесе аудиториядан тыс жағдайда кеңейту және дамыту; (2) оқырманның терең ұғынуын қамтамасыз ету мақсатында кітапта келтірілген мәліметтерге қатысты аса маңызды тақырыптарды жеке түрде қарастырып, оларды барынша толық қамту.
Бүл басылымның кейбір тарауларында «Ген қызметін түсінудегі қазіргі кездегі көзқарастар» тақырыбы жеке түрде терең қарастырылады. Сонымен бірге, алдыңғы басылымдардағы «Генетика, технология және қоғам» тақырыбы қалдырылды. Аталған тақырыпта студентті сабаққа белсенді түрде қатысуға ынталандыратын «Өзіндік жүмыс» берілген. Бірқатар тарауларға «Геномды зерттеу» тақырыбы бойынша қосымша мәлімет енгізілген. Аталған үстемелік тақырыптар мәселені талқылау барысында оны студенттің жеке немесе топ болып талқылауына көмегін тигізеді.