Зарегистрироваться
Восстановить пароль
FAQ по входу

Байымбетова Р.Қ. Түркілер дүниетанымының тілдік репрезентациясы (VII-IX ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің тілі негізінде)

  • Файл формата pdf
  • размером 1,58 МБ
  • Добавлен пользователем
  • Описание отредактировано
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты: 10.02.06 – түркі тілдері. –Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: 2010. — 29 б.
Зерттеу нысаны. Көне түркі жазба мұраларының тілі.
Зерттеу пәні. ҮІІ-IX ғасыр түркі жазба ескерткіштері тілінің этно-мәдени және танымдық қырлары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты – ҮІІ-IX ғасыр түркі жазба мұралары тіліне лингвофилософиялық этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық талдау жасау аркылы түркілер дүниетанымының өзегі Тәңірлік идеясы аясындағы Кісі/Адам этноконцептісінің тілдік репрезентанттары негізінде көне түркілердің дүниетанымдық ұстанымдарының тілдегі көрнісін айкындау, тілдік бірліктердің этномәдени, этнофилософиялық мазмұнын ашу. Осы мақсатка қол жеткізу барысында мынадай міндеттерді шешу көзделді.
- Көне түркі жазба дәстүрінің қалыптасу ерекшеліктерін саралау;
- Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілін зерттеудің ғьлыми-теориялық және әдіснамалық негіздерін талдау;
- Орхон ескерткіштерінің мәтіндік сипатын саралау;
- Көне түркі тіліндегі Тілдік тұлганың мәнін айқындау;
- Көне түркілердің діни-мифологиялық дүниетанымының негізі – Тәңірлік идеясының тілдегі көрінісін саралау;
- көне түркілер тіліндегі Кісі/Адам концептісінің тілдік репрезентанттарының этнофилософиялық және этномәдени мазмұнын айқындау;
- ескерткіштер тіліндегі Кісі/Адам концептісінің Елдік, Жауынгерлік, Адамгершілік позициясының тілдегі көрінісін анықтау;
- Көне түркілер дүниетанымындағы Адам, Кеңістік, Уақыт концептілерінің репрезентациялық сабақтастығын көрсету.
  • Чтобы скачать этот файл зарегистрируйтесь и/или войдите на сайт используя форму сверху.
  • Регистрация