Ғылыми мақала. Ясауи Университетінің Хабаршысы. — 2023. — №2 (128). — ISSN-p2306-7365; ISSN-e2664-0686.
Қазақтың ұлттық мәдениетін қалыптастыруда Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен еңбектерінің ішіндегі ең бірегейі – «Диуани хикмет» жинағы болып табылады.
«Диуани хикмет» - мазмұны жағынан мінәжаттық толғаныстар, ғибратты әңгімелер, нақыл сөздер, философиялық түйіндеулер, пішіні жағынан симметриялық өлшемге құрылған, ырғақтық, тармақтық, шумақтық, ұйқастық қалыбы бар поэзиялық түрдегі, адамзатты имандылыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілекке, мейірімділікке тәрбиелеуге арналған көлемді шығарма.
Ғылыми мақаланың мақсаты – қазақ халқының ауыз әдебиеті мен Ясауидің «Диуани хикмет» жинағы арасында тамырластықтың, байланыс пен сабақтастықтың мазмұндық және пішіндік түрлерін айқындау.