2-бөлім: оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2012. — 154 б.
Оқу құралының екінші бөлімі таулық өзендердің ағындысына жəне ондағы мұздық құбылыстарға болжам жасауға арналған. Оқу құралында таулық өзендер ағындысының қалыптасуының ерекшеліктері, таулық өзендер ағындысына болжам əдістемелерін жасау үшін қажетті бастапқы мəліметтерді жинақтау, вегетациялық, айлық жəне тоқсандық ағындыларға болжам жасау əдістері қарастырылған.
Оқу құралы гидролог-студенттерге арналған, дегенмен география, экология мамандықтары студенттеріне де, сондай-ақ осы аталған ғылымдар салаларының мамандарына да пайдалы болады деп санаймыз.