Алматы: Дайк-Пресс, 2014. — 278 б.
Бұл ғылыми басылымда көне түрік дәуірінің (VI-IX ғғ.) этномәдени тарихи деректері топтастырылып, түріктердің археологиялық, жазба және басқа да деректері жайында басты-басты ғылыми мәліметтер мен талдаулар автордың зерттеулерінің негізінде тұжырымдалып берілген.
Осы ғылыми еңбек - шығыстану, түріктану, қазақтанудың тарих, археология, этнография, тіл, әдебиет және басқа салалары мамандарына, жоғары және арнайы оқу орындарының студент, магистрант және докторанттарына, арғы аталарымыз көне түріктердің этнотарихына қызығатын қалың оқырман қауымға ұсынылды.