Астана: Фолиант, 2007. — 464 б. — ISBN: 9965-35-640-8.
Бұл том ертедегі грек авторларының Еуразия халықтары мен олардың көршілері туралы қалдырған дереккөздерінде, неғұрлым кейінгі кездердегі аузекі әңгімелерде ішінара сақталған мәліметтердің жиынтығы болып табылады. Мұңда шығармаларын грек тілінде жазған 15 автордың - тарихшылардың, географтардың, этнографдың, жазушылардың, филологтардың және мемлекет қайраткерлерінің шығармаларынан алынған үзінділер хронологиялық ретімен келтірілген.
Бұл антология ғалым мамандарға ғана емес, сонымен бірге Ұлы Дала мен оған жаптас аймақтардың ежелгі және орта ғасырлардағы тарихына қызығатын қалың оқырманға да пайдалы болады деп ойлаймыз.