Пəннің оқу-əдістемелік кешені (5В071900 мамандығы үшін). — Алматы: Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012. — 85 бет.
Аңдатпа: Пəннің оқу-əдістемелік кешені пəннің оқу бағдарламасын (Syllabus), курстың тақырыптық жоспарын, тəжірибелік жəне өзіндік
жұмыстарға арналған тапсырмалар жүйесін, пəн бойынша есептік жұмыстың орындалу графигін, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды, жазбаша жұмыстар тақырыптарын, емтихан сұрақтарының тізбегін қамтиды.
Ақпараттық технологиялардың (АТ) негізгі ұғымдары; ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері; ақпараттық технологиялардағы жаңа
перспективалық бағыттары; заманауи ақпараттық технологиялардың негізгі қасиеттері; радиотехника мен телекоммуникациядағы ақпараттық
технологиялардың бағыттыры; программалаудың негізгі түсініктері; C/C++ программалау тілдердің концепциялары; сызықтық жəне сызықтық емес деректер құрылымын өңдеу алгоритмдері; сонымен қатар объектілі-бағытталған программалаудың негізгі принциптері мен мүмкіншіліктері қарастырылған.