Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011. — 143 бет.
Оқу-әдістемелік кешен "Экономикалық процестердің математикалық модельдері" пәні бойынша жалпы мағлұматтарды оқытуға арналған. Бұл пән бойынша алынған білім сызықтық, сызықтық емес және дөңес программалау есептерінің, бір және көп айнымалы функциялар есептерін тиімдеудің, функцианалдық кеңістіктегі есептерді тиімдеудің сандық шешімдерін компьютерде іске асыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар түрлі жағдайларды тиімді басқару теориясын терең оқып-үйренуде негіз бола алады.
"Экономикалық процестердің математикалық модельдері" оқу-әдістемелік кешені ҚР МЖМБС 3.08.261-2006 негізінде әзірленді. Алматы, 2006.